Марафон «МегаМозг» ережелері

  • Марафон оқу пәндері бойынша шағын олимпиадалардан тұрады:
    математика, физика, химия, биология, география, информатика, қазақ тілі
    мен әдебиеті, орыс сыныптарында қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ
    сыныптарында орыс тілі, шет тілі ( ағылшын тілі, неміс тілі), Қазақстан
    тарихы, құқық негіздері, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру.
    Қатысушылар жеке мини-олимпиадаларға да, бірден бірнешеуіне де қатыса
    алады.
  • Марафонға кез келген қатысушы алдын ала іріктеусіз өз еркімен
    қатыса алады
  • Марафон қазақ және орыс тілдерінде өтеді
  • Марафон тапсырмалары жас ерекшелігі бойынша екі лигаға
    бөлінген: JUNIOR –– 5-6, 7-8 сынып оқушылары үшін; SENIOR – 9-11
    сынып оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері үшін.
  • Олимпиада кестесі:
    7-13 қазан – SENIOR – 9-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2
    курс студенттері үшін барлық пәндер бойынша: математика, физика, химия,
    биология, география, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс
    сыныптарында қазақ тілі., орыс тілі мен әдебиеті, қазақ сыныптарындағы
    орыс тілі, шет тілі (ағылшын, неміс), Қазақстан тарихы, құқық негіздері, дене
    шынықтыру.
    14-20 қазан – JUNIOR – 7-8 сынып оқушылары үшін келесі пәндер
    бойынша: математика, физика, химия, биология, география, информатика,
    қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарында қазақ тілі, орыс тілі мен
    әдебиеті, қазақ сыныптарында орыс тілі, шет тілі (ағылшын, неміс),
    Қазақстан тарихы, көркем еңбек, дене шынықтыру;
    21-27 қазан – JUNIOR – 5-6 сынып оқушылары үшін математика,
    жаратылыстану, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарында
    қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ сыныптарында орыс тілі, шет тілі
    (ағылшын, неміс), Қазақстан тарихы, көркем еңбек, музыка, дене
    шынықтыру;
  • Әр пән бойынша олимпиаданы тіркеу жарнасы оқушылардың атаанасы немесе олардың басқа да заңды өкілдері есебінен, сондай-ақ
    демеушілер есебінен 1000 (бір мың) теңгені құрайды. 1 рет төлегеннен
    кейін сіз тек 1 рет қатыса алады. Тіркелу, жарнаны төлеу және Марафонды
    өткізу www.urker.kz сайтында, жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге
    асырылады.
    Марафон нәтижелері және электронды дипломдары мен
    сертификаттары 20-шы қарашаға дейін қатысушының жеке электрондық
    почтасына жіберіледі, www.urker.kz сайтында және Instagram желісінде:
    instagram.com/urker_iq орналастырылады.
  • Марафон қатысушыларына нұсқама:
    1. www.urker.kz. сайтының басты бетіне өту;
    2. «Мой аккаунт» бөліміне тіркелу;
    3. www.urker.kz. сайтының басты бетіне өту;
    4. «МегаМозг» санатты таңдаңыз;
    5.Берілген санаттын керегін тандау:
    JUNIOR — 5-6 класс
    JUNIOR — 7-8 класс
    SENIOR — 9-11 класс, колледж студенттері;
    6.Өзіннің сыныбынды тандау;
    7. «Участвовать» батырмасын басу;
    8.Төлемді төлеу;
    9. «Тестирование» боліміне өту;
    10. «Перейти к тестированию» батырмасын басу;
    11.Керек пәнді тандау;
    12. Тестілеу тілін таңдау;
    13.Олимпиада тапсырмаларын орындау-1 сағат (60 минут);
    14. Тапсырмаларды орындағаннан кейін ТЕКСЕРУ және
    «ТЕСТІЛЕУДІ АЯҚТАУ» батырмасын басу;
    15. Олимпиада нәтижелерімен мұқият танысу.

2 Comments

  1. birmann004

    олипиадаға қалай тіркелеміз

  2. nazgul.karbozova

    төлем қалай жасалады

Comments are closed