«ПолиМат» Республикалық эвристикалық онлайн марафоның өткізу ережелері

 

 «ПолиМат» 

Республикалық эвристикалық онлайн марафоның

өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 Жалпы ережелер

         1.1. Бұл Ереже педагогтерге арналған «ПолиМат»  Республикалық эвристикалық онлайн марафонының (бұдан әрі – Марафон) мақсаттары мен міндеттерін, әдістемелік-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, өткізу, қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.

1.2. Марафон мақсаты: педагогтерді ынталандыру және қолдау.

1.3. Марафонның негізгі міндеттері:

— жан-жақтылық пен тәжірибелік білімдерді дәріптеу.

Марафонның ұйымдастыру комитеті

 

  • Марафон мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қолдауымен «Үркер» зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.
  • Ұйымдастыру комитеті:

— Марафонды тапсырмаларын дайындау және өткізуді тікелей басқарады;

— Марафонды өткізу уақытын анықтайды;

-Марафонның әдістемелік комиссиясының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

— Марафонның нәтижелерін сараптайды және ортақтастырады.

  • Марафонның әдістемелік комиссиясы бағалау тапсырмалары мен критерийлерін әзірлейді.

 

Марафонға қатысу

3.1 Марафон математика, физика, химия, биология, география, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарында қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ сыныптарында орыс тілі, шет тілі ( Ағылшын тілі, неміс тілі), Қазақстан тарихы, құқық негіздері, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, АӘД пәндер бойынша, бастауыш сынып мұғалімдері, психологтар, мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілер, ЖОО студенттері – болашақ педагогтері арасында олимпиада ретінде өтеді:

3.2. Марафонға кез келген қатысушы алдын ала іріктеусіз өз еркімен қатыса алады. Әр пән бойынша олимпиаданы тіркеу жарнасы қатысушылар немесе демеушілер есебінен 2000 (екі мың) теңгені құрайды.

3.3. Марафон қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

3.4 Марафон тапсырмалары оқыту мамандықтары бойынша бөлінеді.

3.5. Олимпиада 2024 жылғы  28 қазан — 3 қараша аралығы бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері, психологтар мен математика, физика, химия, биология, география, информатика, музыка, көркем еңбек, дене шынықтыру, АӘД, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, шет тілі (ағылшын тілі, неміс тілі), Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша педагогтері (жоғары оқу орындарының студенттері) арасында өтеді.

3.6. Тіркелу, жарнаны төлеу және Марафонды өткізу www.urker.kz сайтында, жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Марафон нәтижелері де осы сайтта жарияланады.

3.7. Марафон қатысушыларына нұсқама:

  1. www.urker.kz. сайтының басты бетіне өту;
  2. «Мой аккаунт» бөліміне тіркелу (егер аккаунт болмаса, тіркеліп, растаңыз, ол үшін сізге urkerof@mail.ru почтасынан хат келеді);
  3. www.urker.kz. сайтының басты бетіне өту;
  4. «ПолиМат» санатты таңдаңыз және Олимпиада белгішесін басыңыз ;
  5. «Участвовать» батырмасын басу;

6.Төлемді төлеу;

  1. «Тестирование» боліміне өту;
  2. «Перейти к тестированию» батырмасын басу;

9.Керек пәнді тандау;

  1. Тестілеу тілін таңдау;

11.Олимпиада тапсырмаларын орындау;

  1. Тапсырмаларды орындағаннан кейін ТЕКСЕРУ және

«Завершить тестирование» батырмасын басу;

  1. Олимпиада нәтижелерімен мұқият танысу.

14.Олимпиада қорытындысы бойынша дипломдар немесе сертификаттар сайттың жаңалықтар бөлімінде  2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін жіберіледі.